Weekend
Қазақстан территориясында мекендейтін бүркіттер санын есептеу соңғы рет 2012 жылы жүргізілген
Алматыда жабайы табиғаттағы бүркіттерді есепке алуға арналған арнайы экспедиция құрылды.
Экспедиция құрамына орнитолог Сергей Шмыгалев, ассистент-жүргізуші Владимир Исаенко және екінші пилот Игорь Савостин кіреді. Команда арнайы жабдықпен, GPS-навигация жүйесімен жарақталып,екі жол талғамайтын көлікпен шықты.
Экспедиция бүркіттер мекендейтін жерлерді аралайды, соның ішінде "Үлесіңді қос. Табиғатты қорға" деп аталатын бүркіттерді қорғау бағдарламасы аясында құстарды еркіндікке жіберетін орындарда болады.
Қазақстан территориясында мекендейтін бүркіттер санын есептеу соңғы рет 2012 жылы жүргізілді. Сол кездегі есеп бойынша бүркіттер популяциясы азайған. Үлкен және Кіші Бөгетті аймағында 4-5 жұп қана қалған.
Экспедиция 10-12 сәуірде Арқарлы және Малайсары тау жүйелерін, 13-15 сәуірде Үлкен және Кіші Бөгеттіні, 16-17 сәуірде Сүгеті тауларын, 18-20 сәуірде Торайғыр жотасын және Шарынның бас жағын аралайды. Ауа-райының, маршруттың қиындауына байланысты саяхат мерзімі ұзаруы мүмкін.
Команда аман-есен оралған соң топ мүшелері БАҚ өкілдерімен кездесу өткізіп, толық ақпаратпен бөлісетін болады.
Бұл "Эфес Қазақстан" компаниясының "Үлесіңді қос. Табиғатты қорға" деген жобасы. 2012 жылы басталған жоба қазақстандық қырандардың популяциясын толықтыруға бағытталған. Осы кезең ішінде "Сұңқар" питомнигінде 25 балапан өсіріліп, табиғатқа жіберілді.