Bugin

"9,4 балдық жер сілкінісі". Халықты үрейлендірген зілзаладан 6 мың адам қайтыс болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: dzen.ru

Әлем халқының зәресін ұшырған табиғи апаттың бірі - жер сілкінісі. Чилиде болған зілзаладан зардап шеккендер мен бақилық болғандар көп, деп хабарлайды Bugin.kz порталы 2plus2 агенттігіне сілтеп.

Сейсмикалық белсенділікті өлшеу кезіндегі ең күшті жер сілкінісі 1960 жылы 22 мамырда Чили Республикасында тіркелген. Жер дүмпуінің магнитудасы — 9,3-тен 9,5-ке дейін әр түрлі бағаланған.

Апаттан кейін пайда болған цунами толқындары шамамен 10 м биіктікке жетіп, тұрғын үйлер мен биік ғимараттарды басып қалған.

Апаттан қайтыс болғандардың саны алғашқы кезде - 5700-ге жуық. Кейіннен қаза тапқандардың мүрделері табылды. Анықталған деректер бойынша адамдардың көп бөлігі цунамидың салдарынан опат болған.

Сондай-ақ бұл апат бірнеше мыңдаған адамды баспанасыз қалдырды. Зілзала 1960 жылы мемлекетке шамамен жарты миллиард долларға жуық шығын әкелді.

Одан бөлек, өткен жылы Түркияда болған жер сілкінісі әлемдегі ең қатерлі жер сілкінісінің қатарына кірген. 2023 жылдың 6 ақпанында бірқатар апатты және өлімге әкелетін жер сілкіністері Түркияның оңтүстігі мен орталығына және Сирияның солтүстігіне әсер етті.  Жер сілкінісінің магнитудасы 7,5 бал деп бағаланды. Бұл апат 30 мыңға жуық адамның өмірін қиған еді.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!