Bugin
Фото: ТЖМ
Алматы облысындағы демалыс аймақтарының бірінде контейнер өртенді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы облыстық ТЖД-ға сілтеп.
Өрт сөндірушілер дабылды алған соң бірден іске кіріскен.
28 ақпан күні Іле ауданының Байсерке ауылында «Африка» демалыс аймағының аумағында жалпы ауданы 66 шаршы метр болатын контейнер жанған.
Қызыл жалын 14:29-да оқшауланып, сағат 14:34-те толығымен жойылған.
Өрттің алдын ала шығу себептері де анықталған. Аумақта электр сымдарының қысқа тұйықталуы орын алып, салдарынан өрт пайда болған.
Қызыл жалынның салдарынан 1969 және 1978 жылдары туған екі азамат орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.