Bugin
Фото: Ашық дереккөзден
Шымкентте монша алдында атыс болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Otyrar.kz сайтына сілтеп.
Жігіттер арасындағы жанжалда бір тарап қарсыласына оқ жаудырып үлгерген.
27 ақпан күні кеш ортасында орын алған бұл оқиға наразылық тудырды.
«Жәбірленуші дереу ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнынан атыс қаруының гильзалары табылған. Болжам бойынша оқ травматикалық тапаншадан атылған», – делінген құзырлы органның хабарламасында.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптама тағайындалған.