Bugin

“Таңғы уақытта”: ер адам өлі күйінде табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Polisia.kz

Оралда ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Полицейлер оның мүрдесі таңертең табылғанын мәлімдеген.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәйіттің 28 ақпан күні «Жеңіс көшесі, 5» мекенжайда орналасқан «Жайық самалы» ғимараты маңынан анықтаған.

“Шамамен сағат 07:30-да ер адамның зорлық-зомбылық белгілері жоқ денесі табылды. Оның кім екені белгілі болды. Өлімнің себебін анықтау үшін мүрде сараптамаға жіберілді. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс жасады”, - деп хабарлады ведомство.