Bugin

1 наурызда қай өңірлерде уақыт өзгереді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Бүгін, 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне ауысады. Кей өңірлерде сағат өзгереді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Осыған дейін Қазақстанда 2 сағат белдеуі бар еді. Енді кей өңірлерде уақыт бір сағатқа артқа шегінеді. Елімізде енді біріңға UTC+5 уақыт белдеуінде болады.

Осыған дейін UTC+6 болып келген өңірлерде уақыт ауысады.

Астана, Алматы, Шымкент, Ақмола облысы, Алматы облысы, Жамбыл облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы ,Түркістан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Абай облысы, Жетісу облысы, Ұлытау облысында сағат тілі 1 сағатқа кері шегінеді.

Ақтөбе облысы, Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау облысы, Атырау облысы, Қызылорда облысында уақыт сол қалыпта қалады.

Ұшақ және пойызға билет алып қойған болсаңыз, уақытты нақтылаңыз. Билет алған компанияңыздың операторларына хабарласып, уақытты нақтылап білуді ұмытпаңыз!