Bugin
Фото: depositphotos.com
Осы жылдың наурыз айында Сырдария өзені арқылы секундына 800 текше метр су келеді. ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының шаруаларымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, аталған су көлемі Қазақстанға осы жылдың ақпан және наурыз айларында Өзбекстаннан келуі тиіс. Ақпан айында өзбек тарапы өз міндеттемелерін орындады. Сондықтан бұл көрсеткіш наурыз айында да сақталады.
Шаруалармен кездесуге облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «Қазсушар» кәсіпорнының және Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының жергілікті филиалының басшылары, су үнемдеу технологиялары саласындағы отандық және шетелдік компаниялардың өкілдері, сарапшылар мен ғалымдар қатысты.
Нұржан Нұржігітов министрлік жұмысының негізгі бағыттары туралы баяндама жасады. Қазақстанда жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 57 су қоймасын салу жоспарланып отыр. Оның 20-сын Су ресурстары және ирригация министрлігі салады.
Атап айтқанда, Қызылорда облысында Қараөзек су қоймасын салу үшін жобалау-сметалық құжаттама дайындалып жатыр. Нұржан Нұржігітов жоба бойынша құрылыс жұмыстары осы жылдың соңына дейін басталуы мүмкін екенін айтты.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!