Bugin

“Бір отбасының 22 адамын өлтірген”: 22 жыл бұрын қылмыс жасаған күдікті сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Тәжікстандағы азамат соғысы кезінде (1992-1997) кісі өлтіргені үшін ер адамды 12 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі asiaplustj.info сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

“Озоди” радиосының хабарлауынша, “Халық майданының” бұрынғы қолбасшысы, Хожа Кәрімовтің бұрынғы оққағары Юсуф (Джурабек) Салихов Хуросон аймағында бір отбасының 22 мүшесін өлтіруге қатысқаны үшін кінәлі деп танылды. 1992 жылдың күзінде 10 содырмен бірге (бұрынғы Гозимәлік) қылмыс жасаған.

Фото:Тәжікстанның құқық қорғау органдарының іздеу туралы ресми хабарламасынан

Фото:Тәжікстанның құқық қорғау органдарының іздеу туралы ресми хабарламасынан

Үкім ағымдағы жылдың 23 ақпанында жарияланған. Бохтар сотының судьясы Наджмиддин Садриддинзода Салихов жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтінін айтты. Жәбірленушілердің туыстары үкімді жеңіл деп тауып, оны қайта қарауды талап етті.

2023 жылдың шілдесінде Салихов Тәжікстан билігінің өтініші бойынша Ресейде ұсталып, Душанбеге экстрадицияланған. Бұдан кейін Ресей Бас прокуратурасы Тәжікстан Бас прокуратурасының Юсуф Салиховты 22 адамды, оның ішінде жүкті әйелді өлтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырғанын хабарлады.

РФ Бас прокуратурасының хабарламасында:

“Тергеу деректері бойынша, 1992 жылы 14 қазанда Сарбанд ауылында алдын ала сөз байласу бойынша Салихов Калашников автоматымен қаруланған сыбайластарымен жәбірленушінің үйіне мүлікті ұрлау мақсатында қарақшылық шабуыл жасаған. Айыпталушы отбасы мүшелері мен туыстары тұратын және орналасқан үйге заңсыз кіріп, оларды автоматтан атып, денелеріне бензин шашып, өртеп жіберген”, - делінген.

Зардап шеккендердің екеуі аман қалды. Ал Салиховтың өзі кейіннен Тәжікстан аумағын тастап, Ресейде ұзақ уақыт бойы соттан жасырынған.

Сол қасіреттен аман қалғандардың бірі – Бахтовар Абдуллоев. Ozodi радиосына берген сұхбатында ол ол кезде 11 жаста екенін айтты.

“Содырлар тоғыз ер адам мен он үш әйелді, оның ішінде менің әпкемді, анамды және әжемді өлтірді. Олар 10 жастан 55 жасқа дейін болды. Менімен бірге Бибіхол апам аман қалды”, - дейді сұхбаттасушы.

Бахтовар Абдуллоевтың айтуынша, сот отырысында сотталушы “үйге қарулы адамдармен бірге басып кіргенін, бірақ ешкімді өлтірмегенін” айтқан.

“Судья одан неліктен содырларды тоқтатып, ешкімді құтқармағанын сұрағанда, ол: “Білмеймін”, - деп жауап берді Бахтовар Абдуллоев.