Bugin

Танымал спортшы лауазымды қызметке тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Olympic.kz

Олимпиада жүлдегері Василий Левит жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Василий Левит 1988 жылы дүниеге келген, Қостанай облысының тумасы. 

"Астана қаласы Денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Василий Левит тағайындалды", делінген  елорда әкімдігінің ресми сайтындағы хабарламада.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.  Екі рет Олимпиада ойындарына қатысқан. 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері, бокстан халықаралық және ұлттық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. 

Ол 2022 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.