Bugin

"17 адам қаза тапты". Екі автобус соғысып, жантүршігерлік апат болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ntdtv.ru

Гондураста автобус апаты болып, бірнеше адам қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Кем дегенде 17 адам қаза тапқан.

Екі автобустың соқтығысуынан 15 адам оқиға орнында көз жұмды. Ал екі адам ауруханаға жеткеннен соң көз жұмған.

Қайтыс болғандардың арасында кәмелет жасына толмаған баланың бары анықталып отыр. 

"Өкінішке орай, көптеген адамдар қайтыс болды. Әлі ауруханадағылардың да аман қалатынын әлі білмейміз. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлайды жергілікті органдар.


Куәгерлердің айтуынша, екі автобус соқтығысқанға дейін орташа жылдамдықпен жүрген.

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, біреуі рейстік және маршрут бойынша жүрді. Қоғамдық көліктер жолаушыларға толы болды.

Гондурас Президенті Сиомара Кастро қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!