Bugin
Фото: freepik.com
Қарағанды облысында өгей әкесі зорлаған 15 жастағы қыз жүкті болып қалған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған қызды зорлау бойынша атышулы іс қаралды. Сот мәліметінше, жәбірленуші қыз сотталушымен туғанынан бастап тұрған. Ол ер адамды туған әкесі деп есептеген.
Бірақ уақыт өте келе ер адам қызды зорлаған. 15 жастағы кәмелетке толмаған қыз өгей әкесінен жүкті болып қалған.