Bugin

"Төрт бала, екі ересек": бір үйден алты адамның мүрдесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:depositphotos

Душанбеде бір отбасының 6 мүшесі түтіннен уланып қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға 28 ақпанға қараған түні Фирдауси ауданы Гравзавод көшесінің бойындағы үйлердің бірінде болған.  

"Бір отбасының алты мүшесі иіс тиіп қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Жайсыз хабар туралы көршілері жедел жәрдем қызметіне хабарлаған.

"Үйден 6 мен 11 жас аралығындағы төрт бала мен олардың ата-анасының мүрдесі табылған. Оларды жергілікті ауруханалардың біріне жеткізгенмен, ешкімді аман алып қалу мүмкін болмады", деп жазады ақпаратта.

Әлеуметтік желіге сәрсенбі күні отбасының жерлеу рәсімінен бейнежазба жарияланды