Bugin
Фото: Ашық дереккөздер
Қостанайда әйел мен үш баласы уланып қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше жеке тұрғын үйде пештен ақау шыққан.
Федоровка ауылында үйді жылытылатын пешті пайдалану ережелерінің бұзылуы салдарынан бір әйел мен үш бала улы газдан уланып қалған.
"Апаттан зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Жылуды, электр құрылғыларының күйін қадағалаңыз, ғимараттарда темекі шекпеңіз!" - деп ескерту жасады министрлік.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!