Bugin
Фото: dzen.ru
Әкесі 9 жасар қызын 55 жастағы "шалға" тұрмысқа берген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ауғанстанда мұндай жағдайлар жиі болып тұрады.
Ер адамдар отбасын асырауға азық таппағанда жас қыздарын азық-түлікке, күнкөріске қажетті заттарға айырбастап отырған. Болжам бойынша, "әкесі қызын етеккір келгенге дейін үйлендіргеніне қуанышты".
2021 жылы әлемдік резонансты тудырған жантүршігерлік оқиға болған. CNN арнасының мәліметінше, Абдул Малик есімді азамат өзінің үлкен отбасының қалған мүшелерін тамақтандыруы үшін Горбан есімді 55 жастағы бейтаныс адамға 1600 фунт стерлингке тең жер, қой және қолма-қол ақшаға 9 жасар туған қызын сатып жіберген.
"Бұл аз ақша, бірақ бұл бізге аман қалуға көмектеседі", - дейді Абдул есімді қыздың әкесі.
Қыздың анасы бұл келісімге қарсы болған. Алайда қыздың әкесі солай шешкен соң оған қарсы тұра алмаған.
Дегенмен әке болған Абдул Малик қызын сатқаны үшін өзін кінәлі сезінетінін және түнде ұйықтай алмайтынын айтады. Ол тіпті жұмыс істеп, қарыз да сұрап көрген. Алайда бұл ісінен түк шықпапты.
Күйеу жігіт Горбан жас қалыңдығы Парванаға өзінің баласы ретінде қарайтынын айтқан.
"Парвана арзан болды, ал әкесі өте кедей болды және оған ақша керек болды", - деді ол CNN-ге берген сұхбатында. - Ол менің үйімде жұмыс істейтін болады. Мен оны ұрмаймын. Мен оған отбасы мүшесі ретінде қараймын. Мен мейірімді боламын".
Ал кішкентайында "қалыңдық" атанған Парвана:
"Әкем мені сатты, өйткені бізде нан, күріш немесе ұн жоқ. Ол мені қартқа сатты", - дейді.
Алайда абырой болғанда қоғамдағы наразылықтан соң Парвана өзінен 46 жас үлкен күйеуімен ажырасып, өз отбасына қайта оралған.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!