Bugin

1 наурыз - Алғыс айту күні

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Aqorda

1 наурыз - Алғыс айту күні, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Көктемнің алғашқы күні - мерекеге толы. Атаулы датада айнала бір-бірімен достық, жақсы қарым-қатынас орнатуға бір қадам жасайды. Алғыс айту күнінде тұрғындар жақсы көңіл-күйге бөленеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады.

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! 

Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп, ризашылығын білдіреді. Сондай-ақ татулық, ынтымақ, достық сынды қастерлі құндылықтар жан-жақты дәріптеледі. Мұның бәрі ұлтты ұйыстырудың ұтымды жолы екені сөзсіз.

Баршаңызға бақ-береке және мол игілік тілеймін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!