Bugin

Қатты аяздан 9 адам қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Ауғанстанда жауған қар мен аяздан 9 адам қаза тауып, екеуі жарақат алды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ауғанстанда соңғы 48 сағатта қалың жауған қар, жаңбыр мен аяздан тоғыз адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды. Бұл туралы бейсенбі күні Ауғанстанның табиғи апаттармен күрес жөніндегі ұлттық басқармасының ресми өкілі молла Жанан Саик мәлімдеді.

Соңғы екі күнде жаңбыр мен қарлы боранмен бірге аязды ауа райы Ауғанстанның жеті провинциясын шарпыды. Кейбір аймақтарда көп мал қырылды.

Солтүстік Фарьяб провинциясында күн суытып, қар жауып, мыңға жуық мал қырылды.