Bugin

"Мен оларға өте ризамын": бельгиялық қазақ баласы жан тебірентер жазба жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм парақшадан

Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы инстаграм парақшасында жан тебірентер жазба жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

"Менің өмірім Қазақстанның Арқалық қаласындағы Балалар үйінде басталды. Соңғы айларда мен бұрын Балалар үйінде жұмыс істеген кейбір тәрбиешімен танысуға мүмкіндік алдым. Мен оларға өте ризамын. Осы мейірімді мерекеде алғысымды білдіру үшін, Астанадағы балаларды қуантып, көптеген сыйлық, ойыншықпен баруға маған рұқсат етілді", - деп жазды Жәнібек.

Ол әр баланың ата-анасы, аға мен әпкесі, отбасы болғанын тілейтінін жеткізді.

"Кейбір балалардың анасы да, әкесі де жоқ және олар кәмелет жасқа толғанға дейін осы Балалар ауылында, түрлі жастағы балалармен бірге аралас отбасында тұрады екен. Олар сыйлықтарды алып, ашып, көріп жатқанда, жүзіндеріндегі қуанышты байқап, өзім де толқып кеттім. Осы ерекше мерекеде менің тілегім – әр баланың жақсы, жылы үйде өмір сүргенін қалаймын. Әр баланың әдемі әпкесі мен ағасы болып, жалғызсырамауын тіледім. Әр адамның алдында жарқын болашақ болса екен деп тілеймін", - деп жазды бельгиялық қазақ баласы.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!