Bugin
Фото: polisia.kz
Семейде полицейлер жеткіншекті аңдыған ер адамды қолға түсірді, күдікті тәртіп сақшысына пышақ жарақатын салды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 13 жастағы қыз ізіне белгісіз адамның түскенін байқап, полицияға хабар берген.
"Дереу учаскелік полиция инспекторлары шақыруға жіберілді, олар супермаркеттің жанынан күдікті адамды байқап, мән-жайларды анықтауға тырысқан, бірақ жігіт қолындағы пышағымен, тәртіп сақшыларына қарай жүгірген. Күдікті оқиға орынында ұсталды",- делінген хабарламада.