Саясат

Алтай қаласының қақ ортасында Зыряновтың ескерткіші орнатылатын болды

Зырянов ескерткіші қаланың ортасындағы "Горняк" мәдениет үйінің маңына қойылатын болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алтай қаласының қақ ортасында Герасим Зыряновтың ескерткіші орнатылмақ.

О баста қала әкімшілігі ескерткішті Зырянов көшесіне қоймақ болған екен. Бірақ бұл көше қаланың ескі бөлігінде орналасқан, ол аймаққа қатынау оңай емес көрінеді. Сондықтан енді Зырянов ескерткіші қаланың ортасындағы "Горняк" мәдениет үйінің маңына қойылатын болды. Ескерткішті жасайтын – мүсінші Евгений Непьянов. 

– Суретшіміз ескерткіштің макетін көрсетті. Мүсіннің жалпы құны – 7 миллион шамасында болады. Қазір мамандар ескерткіш қойылатын аумақты абаттандыруға қанша қаржы жұмсалатынын есептеп жатыр. Ескерткіш мыстан құйылады, биіктігі – бес метр. Постмент – граниттен. Мүсінді осы жылы қоямыз, – дейді қала әкімі Константин Передельский.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61