Bugin

"Жаңбыр, тұман, жел": 3 наурызға арналған ауа райы болжамы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Pexels.com

"Қазгидромет" 3 наурызда еліміздің жеті өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Шымкентте кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. 

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61