Bugin
Фото: pexels.com
Өзбекстанда жолаушы тасымалдаумен айналысатын екі жеке таксист 10-нан астам әйелді зорлады және өлтірді деп айыпталып отыр деп хабарлайды Bugin.kz порталы РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Кісі өлтіру деректері 2011-2012 жылдары тіркелген. Әйелдердің мәйіті елсіз жерлерден табылды. Олардың қарақшылардың құрбандары екені анықталды, қарақшылар әйелдерді тонап, кейін өлтірген. Күдіктілер 2012 жылдың соңында ұсталды.
"Ташкент облысы Юкочирчик ауданының тұрғындары Ф.Ш.Орманов пен П.Т.Бердалиевтердің Өзбекстанның бес азаматшасы мен Қазақстанның алты азаматшасына қатысты қылмыс жасағаны анықталды", - деп хабарлайды Өзбекстанның Бас прокуратурасы.