Bugin

Бүгін – Бүкіләлемдік жазушылар күні

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Бүгін әлемде жазушылар күні тойланады. Бұл атаулы күн 1986 жылғы қаңтардың 12-18-і аралығында өткен Халықаралық ПЕН-клубтың 48-ші конгресінің шешімімен атап өтіледі. Bugin.kz тілшісі атаулы күнге байланысты қызықты деректерді ұсынады.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Жазушылар күніне орай күн арнаған ПЕН-клубтың негізі 1921 жылы қаланды. Ұйым атауы ағылшындық жазушы Кэтрин Эми Доусон-Скоттқа тиесілі. Ұйымның атауы - ағылшын сөзінің бірінші әрпінен құралған "poets - ақындар, essayists - эссешілер, novelists - новеллашылар" деген мағына береді. Бұл қысқартылған сөз ағылшын тілінен аударғанда "pen - қалам" сөзімен сәйкес келеді. Аталмыш клубтың алғашқы халықаралық конгресі 1923 жылы Лондонда өткен.

Кәсіби мейрам әлемнің 130 елінде атап өтіледі.Оның ішінде Қазақстан да бар. Қазақстанда 800-ден астам отандық кәсiби әдебиетшілерді бiрiктiретiн қоғамдық, шығармашылық ұйым - Қазақстан Жазушылар одағы жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының бастауында мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Сәкен Сейфуллин тұрды. 1925 жылы республикада жас дарындарды біріктіретін және оларды қолдайтын Қазақстанның пролетарлық жазушылар қауымдастығы құрылды, ол 1934 жылы Қазақстанның кеңес жазушылары одағы болып өзгертілді.