Bugin
Фото: Polisia.kz
Түркістан облысында оқушы қыз мектептің үшінші қабатынан құлап кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қайғылы оқиға Түркістан облысы Келес ауданының орталығы саналатын Абай ауылындағы Омар Есімов атындағы мектепте болған.
8-сыныпта оқитын оқушы білім ордасының үшінші қабатынан байқаусызда құлап кеткен. Ол сәтте сыныпта физика пәні жүрген. Мұғалім сыныпта болмаған кезде сыныптағы қыздар арасында жанжал туындаған.
Ауыр жарақат алған оқушының өз еркімен не біреудің әдейі құлатып жібергенін ешкім білмейді. Қазір тексеріс басталды.
14 жастағы қыз Келес ауданы ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Ақ халаттылардың айтуынша, қыз бірнеше жерінен жарақат алған.
“Басынан жарақат алған. Бел омыртқасы, жамбасы сынған. Емдеу протокол бойынша өткізілді. Жағдайы жақсарған соң бірінші травматология бөліміне ауыстырылды”, – деді Келес ауданы Абай ауруханасының дәрігері Әбдісамат Утамұратов.