Bugin
Фото: istockphoto
АҚШ-та әлі күнге дейін өлім жазасы қолданылады, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.
АҚШ енді жазалаушыларға жаңа әдісті ойлап тапты.
Олар кінәліні тұншықтырып өлтіру жазасын жүзеге асырды. Ең алғаш рет бұл әдіс Алабамада орындалды.
Юджин Смит тапсырыс бойынша кісі өлтіргені үшін өлім жазасына кесуді 25 жыл бойы күтті.
Қандықол қылмыскердің азапты өлімін көру үшін шақырулар бүкіл Америкаға тікелей эфир арқылы жіберілді.
"Назар салыңыз! Алабамада азотты пайдаланып бірінші өлім жазасын орындауға дайындалуда", - деп хабарлады тележүргізушілер.
1996 жылы ол әйел адамды өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген.
"Бұл ауыр күн болды. Біз қуанып, шаттанбаймыз. Күннің аяқталғанына қуаныштымыз", - деді марқұм әйелдің ұлы Смиттің өлімінен соң.
Сотталушы өзінің соңғы сөзін де айтады.
"Бүгін түнде Алабама адамзатты кері қадам жасауға мәжбүр етеді. Мен сүйіспеншілікпен және тыныштықпен кетемін. Мені қолдағандарыңызға рахмет. Мен бәріңізді жақсы көремін", - деді Юджин Смит соңғы сөзінде.
Осыдан соң қылмыскерге бетперде таққызып, азот жіберілген. Қылмыскер 22 минут бойы қарсыласып, кейіннен тұншығып қайтыс болды.