Bugin

Аязды күні даладан табылған нәресте анасына қайтарылуы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінен

Қарағандыда тастанды бала анасына қайтарылуы мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы Қарағанды қаласының Қамқоршылық және қорғаншылық бөлімі хабарлады. 

Сәбидің 22 жастағы анасының психикалық жағдайына сараптама жүргізілуде. Егер ол өзіне ие бола алмағаны немесе күшті препараттардың ықпалында болғаны анықталса немесе оған баладан құтылу үшін қандай да бір қысым көрсетілсе, оған баланы қайтарып беруі немесе ата-ана құқығын шектеуі мүмкін, - дейді Қарағанды қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің баспасөз қызметі.

"Көкек-ананың" әрекетіне заңдық бағалау да әлі берілмеген.

24 ақпан күні келіншек  сәбиін далаға өз еркімен тастап кеткен болса әрі баланы жеке қамқорлығы мен тәрбиесіне алғысы келмейтіні анықталса, бала оған берілмейді.

Ондай жағдайда жаңа туған нәресте бөбектер үйіне өткізіледі.

Дегенмен дәрігерлер баланың ауруханада тексеріліп жатқанын айтады.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!