Bugin

Мектеп директоры артық кофе ішкені үшін жұмыстан шығарылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөзден

Жапонияда мектеп директоры артық кофе ішкені үшін жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz-ке сілтеп.

Директор өзінің түскі үзілісінде стандарт өлшемдегі стақанға ақша төлеп, кофені үлкен стақанға бірнеше рет құйып алыпты.

110 иенге кофе сатып алғанымен, ол 180 иендік үлкен стақанға кофе құйып алған. Кейіннен көлікке отырып, кетуге асыққан қызметкерді полиция тоқтатқан.

Ер адамның ұрлығын көрген дүкен қызметкері полиция шақырған.

Білім саласының қызметкері артық кофе ішкені үшін 30 қаңтарда білім басқармасы оны "білім беру саласындағы мемлекеттік қызметкерге сай келмейтін өрескел теріс қылықтары үшін" жұмыстан шығарды.

Директордың өзі оқушылар мен олардың отбасыларынан кешірім сұраған.