Bugin

"Нақты шешім қабылдап отырмыз": бельгиялық қазақ баласына қатысты тосын жаңалық шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: әлеуметтік желіден

Танымал теле-радио жүргізуші Қымбат Досжан бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы Жәнібектің оқиғасына қатысты жаңа дерек айтты,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Бұл туралы Қымбат Досжан өзінін инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында айтқан.

"Достар, Жәнібек балам жайлы соңғы ақпарат. Астана-Стамбул-Барселона-Мальорка-Малага бағытына шыққан Түркіш ұшағы Астанадан кешігіп ұшып, Жәнібек қалған рейстердің бәрінен кешігіп қалған, бірақ, баламыз өзі айтқандай, жолы болғыш бала екен, түрік авиакомпаниясы - үш рет ұшақ ауыстырып жететін жеріне бір ғана ұшақпен жететіндей етіп жағдай жасап, тамағын беріп, Стамбұлдан Малагаға бір ақ жететін етіп билетін ауыстырып берген. Адамға адам секілді қараған түрік ағайынға мың алғыс!", деп алғысын білдірді.

Сондай-ақ Қымбат Досжан жазбасында нақты шешім қабылдағандарын айтты.

"Баламыздың анасы, немесе әкесі (енді әкесін іздейміз деп нақты шешім қабылдап отырмыз) осылайша тез табылса екен деп тілеймін. Баланы Әр көрген сайын, сөйлескен сайын "тегі жақсы, тіпті мықты тектен" екендігіне көз жеткіземіз Әсел екеуміз", деді ол жазбасында.