Саясат

Қазақстан тумасы Таллиннің әкімі болып сайланды

Михаил Кылварт Қызылордада туған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бейсенбі күні Таллиндік қалалық жиналыстың кезектен тыс отырысы өтті. Бұл жиынның негізгі мақсаты – Эстония астанасының жаңа әкімін сайлау болды.

Әкім лауазымына жалғыз үміткер ретінде, астаналық парламент басшысы Михаил Кылварт тіркелген болатын.

Әкім болып сайлану үшін 40 дауыс қажет екен. Құпия дауыс беру нәтижесінде Михаил Кылварт үшін 45 адам дауыс берген. Оған қарсы 25 адам дауыс беріпті. Осылайша ол Таллиннің жаңа әкімі болып сайланды.

Айта кететін жайт, Кылварт 1977 жылы Қызылорда қаласында туған. 3 жасында Эстонияға көшкен.