САЯСАТ

Депутат Нұртай Сабильянов: "ШҚО-ның экс-әкімі Даниял Ахметов жауапкершілікте тартылуы керек"

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: "Уәде" 

ҚР Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов: ""Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі Даниял Ахметов жауапкершілікте тартылуы  керегін айтты", деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Уәде" ютуб арнасына сілтеме жасап.

"Jibek Joly" телеарнасындағы "Уәде" бағдарламасына ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы сұхбат берді.

"Үржар ауданы бойынша 7 ауылдың су мәселесі шешілген жоқ.  4-5 жыл болды әлі бітпей тұр",- деді депутат. 

Жүргізуші Ерболат Мұхамеджанның аталмыш мәселеге кім жауапкершілікке тартылу керек? - деген сұрағына депутат сол кездегі аудан әкімі мен облыс әкімі деп жауап берді. 

"Яғни сол кезде аудан және облыс әкімі кім болды – сол кісілер жауапты. Ол кезде облыс әкімі Даниал Ахметов болды", -  деп нақтылады депутат.