Bugin

2024 жылғы Қадір түні, Рамазан, Ораза айт қашан болады: пітір садақа қанша теңге?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі биылғы Рамазан айының басталатын күні бекітті. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі ҚМДБ-ғаа сілтеме жасап хабарлайды.

Діни басқарма Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан т.б. елдердің Ғұламалар кеңесімен, пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе шешім шығарған.

Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. 10 сәуір – Ораза айт мерекесі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 640 теңге болып бекітілді.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!