Bugin
Фото: depositphotos.com
Қазгидромет орталығы алдағы күндерде ауа-рай қалай болатыны туралы болжам ұсынды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.
Синоптиктердің мәлімдемесінде:
"5-6 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым алқабының ықпалында болады. Ол күндері жауын-шашын болмайды. Тек еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде қар жаууы мүмкін.
7 наурызда атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жауын-шашын, жаңбыр мен қар, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады. Тек еліміздің шығыс аймақтарында жауын-шашын болмайды. Қазақстан бойынша тұман күтілуде.
Температуралық фонға келетін болсақ, аздаған жоғарылуы күтілуде және термометрлердің бағандары 7 наурызда күндіз Қазақстанның солтүстік жартысында 0-5 аязға, оңтүстікте 5-15 жылыға жетеді",-делінген.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!