Bugin
Фото: Видео скрині
Алғыс айту күніне орай Жәнібек Савальев балалар үйіне барып, қайырымдылық шарасына қатысқан еді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Бармысың, бауырым" бағдарламасының Instagram парақшасына сілтеме жасап.
Видео мына сілтемеден көре аласыздар.
Ол балалар үйінде өзімен тағдырлас балаларды көріп, оларға сыйлығын берген. Жәнібек балалармен сөйлесіп, танысқан.
"Қайтарда мекеме басшылығына көп сұрақ қойды, соның бірі: "Шетелдіктер бала асырап алам десе, бересіздер ме?" деген сауал болды. Шетелге бала берілмейтінін естіп, қуанды",- делінген парақшада.