Bugin
Фото: Instagram @gulmir_ktk
Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай Instagram әлеуметтік желісінде жаға ұстатар ақпаратты бөлісті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Журналистің хабарлауынша, Tik Tok әлеуметтік желісінде Дәурен есімді азамат жас балалардың суретін жүктеп, оларды "өлдіге" шығарған. Яғни суреттің бетіне "қызым, жатқан жерің жайлы болсын", "ұлым, артың қайырлы болсын" деген сынды жазба жазған.
Гүлмира Әбіқай суреттер Семейден жүктеліп жатқанын айтты.
"Дәуреннің “қазасынан” жапа шеккен басқа да ата-аналар бірігіп полицияға арыз тастады. Әзірге парақша иесі фотоларды Семейден жүктеп отырғаны белгілі болды. Бұл не алаяқтықтың жаңа түрі ме, ауру ма, маньяк па? Ондаған жасөспірімді шошытып, өміріне тікелей қауіп төндірген оқиғаға @zakiyevadinara @qriim_mvdrk араласады деп сенейік!",- дейді журналист.