Bugin

"Төрт кемпір, бір шал". Ерекше есімді балалар кімдер?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: qazaquni.kz

Қазақ халқында ерекше атаулар көп. Соның бірі - Төрт кемпір, бір шал, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Төрт кемпір, бір шал  — қазақтың біртуар ақыны, композитор Кенен Әзірбаевтың қызының есімі. Кейбір аңыз-әңгімелерге сүйенсек Кенен Әзірбаевтың жары толғатып жатқанда 4 кемпір мен 1 шал болған екен. Содан кейін жырау нәрестенің есімін көп ойланбастан "Төрт кемпір бір шал" қойған екен. 

Кейіннен қыз бала бойжетіп, 5-сыныпқа келгенде атасы "Төрт кемпір, бір шалды" Төрткен деп қысқартып қойыпты. 

Осыған байланысты математик Асқар Жұмаділдаевтың "Төрткен" алгебрасы бар.

Бірнеше жыл бұрын әлеуметтік желіде өзінің есімімен көпті қызықтырған азамат та пайда болды. Ол өзін "Ақпантоқпантұрарқожа" деп таныстырған болатын.  Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны өзінің 20 әріптен тұратын ұзақ есімі арқылы ғаламтор жұлдызына айналған болатын.

Есімі ерекше азаматтар қатарында белгілі композитор, шәмшітанушы Қалдыбек Құрманәлінің де балалары бар. Композитор өз балаларына әйгілі тұлғалардың аты мен тегін берген. Яғни, тұңғышына Шәмшіқалдаяқ, одан кейінгі ұлға Бекзатсаттархан, Мұхтаршахан, Иманғалитасмағамбет деп қойған екен.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!