Белоруссия президенті Александр Лукашенко Ресей нарығында белорусь тауарларына жасалған қысымға наразылық білдірді. Жақында ғана Россельхознадзор Белоруссиядан алма мен алмұрт әкелуге тыйым салған еді, енді міне Түркия алмұрттарын Белоруссию арқылы өткізуге де кедергілер жасауда.
"Мен күн сайын біздің негізгі серіктестеріміз(олар өздерін серіктес деп атағанды ұнатады) бізге қарсы санкцияны төпелетіп жатқанын оқып та, көріп те жүрмін", - деді ол.
"Ресейдің өзі ауыр санкция астында жатқанына қарамастан, жақын серіктес көршілеріне санкция салмақ", – деп мәлімдеді.
"Белоруссия арқылы өтетін мұнай құбырларын жөндеу керек болса, алыңдар да жөндеңдер. Кедергі жоқ. Біз оларға, Ресей Федерациясына үнемі жақсылық жасаймыз, олар бізге жамандықпен қайтарымын береді. Олардың басқа шыққандығы соншалық, біздің қолымызды қайыруға ниеттенуде", – деп ашу шақырды Лукашенко. Ол Ресейге қарсы экономикалық әрекеттер жасауға тапсырма берді. Осы ретте Ресей Федерациясының Белоруссияға қысым көрсету ойында жоқ екенін Дмитрий Песков жеткізді.