Bugin
Фото: Instagram/chelovekvmaskee
Көпке жасаған қайырымдылығы мен бетпердесі арқылы танылған жұмбақ жігіт өз өміріндегі қайғысымен бөлісті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Аtameken business арнасына сілтеп.
Қайырымдылыққа бет бұрған жігіт бұл әрекетін бала күннен бері армандағанын айтады.
Орал қаласының 27 жастағы тұрғыны әкесінің сырқатынан кейін қайырымдылық жасауға асыққан.
“2020 жылы әкем инсульт алып, мен үшін өте ауыр жыл болды. Әкеме жұмыс істеуді, жүруді, жазуды, сурет салуды барлығын қайта үйретуге тура келді. Осы кезде менің өмірлік миссиям – адамдарға көмектесу екенін түсіндім. Бетперде таққан адам – бұл образ. Адамдар осы образға ұқсауға ұмтылулары қажет”, – дейді бетперделі блогер.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!