Bugin

Президент ТЖМ басшысына қандай тапсырма жүктеді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Еламан Тұрысбеков/Kazinform

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТЖМ басшысына Алматыдағы жер сілкінісінен кейін тапсырма жүктеген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Оның айтуынша, Президентке жаңадан тағайындалған Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты ведомствоның атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндаған.

Ал Мемлекет басшысы жағдайды бақылауға алуды қатаң тапсырған. 

"Президент министрге мегаполис тұрғындарының амандығын сақтау және Алматыдағы жағдайды бақылауды қамтамасыз ету үшін қала әкімі Ерболат Досаевпен, сондай-ақ қаладағы барлық жауапты мекемелермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді жалғастыруды тапсырды", - делінген хабарламада.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!