Bugin

Атырауда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: istockphoto.com

Атырауда жол апаты болып, екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Дамбы ауылына баратын жолдың бойында бір мезетте төрт көлік соқтығысты.

Жантүршігерлік жол апатынан екі адам мерт болып, төртеуі ауруханаға жеткізілген. 

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кеше сағат 17:00 шамасында болған.

Атырау-Дамбы тас жолында бірден төрт көлік – Toyota Prado, КамАЗ, Кіа және ВАЗ-2112 соқтығысты. Салдарынан жүк көлігі аударылып қалған.

Ал қаза тапқандар - ВАЗ-2112 көлігінің жүргізушісі мен жасөспірім жолаушы.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!