Bugin
Фото: depositphotos
Синоптиктер Қазақстанда 5, 6 және 7 наурызда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Метеорологтар мәліметінше, 5-6 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалында болады, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек солтүстік-батыс пен солтүстікте қар жауады.
7 наурызда атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен еліміздің шығыс облыстарын қоспағанда, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ болып, жел күшейеді. Қазақстан бойынша тұман түседі.
"Фондық температураға келетін болсақ, 7 наурызда термометр бағаны Қазақстанның солтүстік жартысында 0-5 градус аязды, оңтүстікте 5-15 градус жылыны көрсетеді", - делінген хабарламада.