Bugin

“Қарғамаңызшы”: 12 жыл жазықсыз түрмеде отырған келіншек жанайқайын жеткізді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

12 жылға жазықсыз сотталған Шолпан Тоқтархан түрмеге не үшін түскені туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Абылайхан Өмірбай жүргізген сұхбатта Шолпан Тоқтархан өзінің жағдайы туралы айтты. Ол 2006 жылы балаларын алып Астанаға келген. Кәсіпкер ретінде жұмыс жасап, оң-солын тани бастаған. 2012 жылы оған жала жабылып, түрмеге қамалады.

"Біреулерлің құйрығын басып кеттім. Мен өзіме өте сенімді жүретінмін. Тәкәппарланып, көп мәселені ақшамен, жұдырықпен шешіп кететінмін. Сол кезде Құдай мені тәубеме түсірейін деген шығар",- деп еске алды келіншек. 

Ол өзінің жазықсыз екенін біліп, бәрі шешімін табады деп ойлаған. Бірақ сот шешімімен 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

"СИЗО-да 1 жыл, 1 ай ұстады. Мені 259-баппен ұстады. Бірақ ол жерде көбі маған "шығасың" дебі. Тіпті, құмалақ та аштырттым. Ол да "шығасың" деген. Мен өзіме сенімді болдым. Өйткені таза екенімді білдім. 12 жыл бас бостандығынан айырылады дегенде саңырау боп қалдым. Сөз ұқпай. Менде 2-3 рет прокурорлар ауысты. Ең соңғы прокурор әйел болды. Мен жүрегім айнып, әжетханаға баруды сұрадым. Салқын суға бетімді жуып тұрсам, әлгі прокурор келді. Қолдары дірілдеп тұр. Сол қылмыскер сияқты. Маған қарап "мені қарғамаңызшы, маған не жазылды, соны оқыдым, менің жұмысым осы, мені қарғамаңызшы" деді. Содан зонада бірақ есімді жинадым",- дейді Шолпан Тоқтархан.