Bugin

"ҚазАвтоЖол" ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Қазақстанның бірқатар өңірінде тұрақсыз ауа райына байланысты "ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге үндеу жасады,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
 

"Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Соңғы мәлімет бойынша, Түркістан, Павлодар, Қостанай, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қалың тұман түседі. Салдарынан автожолдардың көрінуі нашар.