Bugin
Фото: видеодан скриншот
Кеше, 4 наурыз күні сағат 11:22-де Алматыда қатты жер сілкінісі болды. Журналист Ардақ Құлтай жер сілкінісінің ошағы туралы тың дерек айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Ардақ Құлтай оқиға туралы:
“Бүгін Алматыда болған жер сілкінісінің ошағы Кемин жарығына өте жақын. Картаға қарасақ, сілкініс ошағы қаладан 31 шақырым ерде болған. Тәуелсіз сейсмолог Мұхтар Хайдаров та жер сілкінісі дәл сол жарықтан деген болжамын айтты. Дәл осы жерде 1911 жылы 4 қағтарында жойқын жер сілкінісі болды. Кемин – Қырғыстандағы өзен және қала атауы.Іле Алатауының шығыс бөлігінде, Алматыдан шамамен 40 шақырым жерде. Жер сілкінісінің күші сол кезде Рихтер шкаласыбойынша, магнитудасы 8,2-ге тең болған. Оның күші қатты болғаны соншалық 4 миллион шаршы шақырым аумақта сезілген. Ал ұзақтық тербелісі – 5 минутқа созылған. Дәл осы кезде 200 шақырымға созылған жарық пайда болған. Содан бері бұл жер Кемин жарығы деп аталған. Геолог Карл Багдановичтың есебіне қарағанда, жер сілкінісі 452 адам қаза тапқан. 1094 үй мен 4545 киіз үй қирап қалған. Соның ішінде Алматыда 35 адам қаза болған”, -деп дерек берді.