Bugin

“60 күн”: Майқайыңдағы апаттан табылмаған құтқарушының әйелі жантебірентер видео жариялады (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөз

"Майқайыңалтын" АҚ шахтасында болған апаттан автобус жер астына түсіп кеткен еді. Автобус ішіндегі екі құтқарушы өлі күйде табылды. Ал бір құтқарушы мен көлік жүргізуші әлі табылмады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.

Автобус ішінде болған құтқарушылардың бірі Айдос Шаймерденнің жары Нұрсұлу желіге видео жариялады. Ол жарының әлі табылмағанына жүрегі ауыратынын жеткізді.

"Жаным Айдос, қанша жүрегім ауырса да мен сені құтқара алмай жатқан жерге келдім. Күнде бір үмітпен келемін осында. Қанша адамды құтқардың, бірақ сені ешкімнің құтқара алмай жатқанына жүрегім ауырады. Бүгін алпысыншы күн. Бір үмітпен жүрмін. Алла Тағала сенің басыңа барып құран бағыштауды нәсіп етсінші деймін. Саған иттік жасағандарды бір Аллаға тапсырдым",- дейді келіншек.