Bugin

Зардап шеккендер бар. Таразда жантүршігерлік жол апаты болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Polisia.kz

Таразда жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көлік жеңіл көліктерге соғысты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл оқиға 5 наурызда болған.

Полицияның хабарлауынша, Абай даңғылынан Фурманов көшесі бағытына кетіп бара жатқан жолаушылар тасымалдайтын автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. 

Одан кейін қоғамдық көлік бір бағытта келе жатқан «Nissan 350Z», «Kia Rio» маркалы автокөліктерін соғып өтіп, мектептің автотұрағында тұрған «Toyota Highlander» көлігін соқты.

Автотұрақта тұрған көлік жүргізушісі мен қоғамдық көліктің үш жолаушысы зардап шекті. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!