Bugin

Атырауда жолаушы автобус жүргізушісін балағаттап, ұрып-соқты (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: politnavigator.net

Атырауда ер адам автобус жүргізушісін соққыға жықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы AtyrauPress-ке сілтеп.

Жанжалдың басты себебі - жолаушының жолақысын төлеуден бас тартқаны.

Дүйім жұрттың алдында жолаушы қоғамдық көлік жүргізушісіне жұдырық ала жүгірген

«Жүргізушінің бет-аузы мен көзі ісіп кетті. Жүргізуші полицияға арызын жазады. Бұзақы валидаторды да сындырып кетті», - делінген полиция хабарламасында.

Полиция қызметкерлері бұзақыны қолға түсіріп, ол кінәсін мойындаған. Жолаушы заң алдында жауап береді.

Оқиғаның видеосын мына сілтеме арқылы көре аласыз.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!