Bugin

"Сүйген жігітім жезөкшелікке мәжбүрледі”: келіншек басынан өткен сұмдық жайтты айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скриншот

 “Астарлы ақиқат” бағдарламасына сүйген жігіті жезөкшелікке жеккен әйел мәселесін айтып келді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Жадыра есімді келіншек сіңілсін сутенерлардан құтқарыңдар деп бағдарламаның көмегіне жүгінген. Сөзінше, 8 ай бұрын дүкенге жұмыс істеуге кеткен сіңілсін сүйген жігіті жеңіл жүріске жеккен. Ол:

“Ол кішкентай баласын анасына тастап, жұмысқа шығып кетеді. Соның арасында олл жаңағыы жігітпен танысқан. Жігіті сутенерға алып барған”,-деді әпкесі сіңілсіне жаны ашып.

Балнұр жеңіл жүрістілер арасында Мөлдір есімімен танылған. Ол көрген қиыншылығын тіпті туғандарына да айта алмаған. Мөлдір клиенттің көмегімен ол жердег ққашып шыға алған. Мөлдір:

“Маған телефоныңызды беріңізші, өтініш, хабарласайын десем шошыды. Жоқ деп. Телефонға яндекс тартып, үйге қашып кеттім”,-деп қалай құтылғаны туралы айтып берді.

Олар Мөлдірді ұрып-соғып, қорлап ұстаған. Ол көрген қорлығын қорқынышпен еске алады. Оның шашын қырқып, қуыршақпен ойнағандай мазақ еткен.

Бағдарламаға Мөлдірдің жігіті Ихтияр келді. Ол қыздарды сатпайтынын, тек тасымалдайтынын айтып ақталған. Ихтияр Мөлдірді ауру жұқтырдың деп айыптап, ұрғанын мойындаған.

Студияға келген оқиға қатысушылары келесі бағдарламада шындық детекторына отыратын болды.