Bugin

"Атамын": Жүрсін Ерман айтыс ұйымдастырған кезде қандай қысым көргенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скриншот

Жүрсін Ерман "Айтыс STRICE” бағдарламасына сұхбат берді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Zhandarbek Bulgakov арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Айтыстың абызы қылышынан қан тамып тұрған КСРО-ның кезінде айтыс ұйымдастырып, Республика сарайына халықты жинағаны туралы:

“Мен өзім ауылда өскен, ұяң адам едім. Көп сөлей қоймайтынмын. Осы айтысқа қосылғалы сөйлегіш болып кеттім. Батыл болып кеттім. Менің “айтыс үшін шайтанмен де тіл табыстым” деген сөзімді көп келтіреді ғой. Сол тіл табысудың реті келеді әйтеуір. Бұл айтысты қайта-қайта жауып тастап жатты ғой. Өзің де куәсің. Сол 2011 жыл ма екен, айтысты Түркияға апарамыз деп министр Құл-Мұхаммедтің алдына бардық.  Ол “айтысты тоқтатыңдар” деген Назарбаевтың нұсқауын көрсетті. Қалай барасыңдар Түркияға деп. Одан да өттік.

Қамқорлық жасағандар да аз болған жоқ. Баяғыдағы жекпе-жек айтысты ашу үшін Дариға Назарбаеваның алдына бардым. “Хабар” агенттігінің төрайымы еді. “Сөз жоқ аша бер, бірақ мынаған тиіспесең болды”(жоғарыны нұсқаған,-авт) ,-деді. Әкесін айтқаны ғой. Қайдан тиіспеген? Ринаттар “үш жүздің тағдырынан гөрі бізге, үш қыздың болашағы қиын боп тұр” деп айтып жіберді. Ешқандай жазалау, ескерту болмады. Қаншама уақыт эфирде көрсетілді”,-деп жылы естеліктерді еске алды.

Айтысты болдырмауға әрекет еткендер де жоқ емес. Тіпті одан саяси астар іздеп, тосқауыл жасағандар да бар екен. Ол туралы:

“Тосқауыл қоюшылар да аз болмады. Соған төзіп, шыдауға тура келді. Шыдамағанда қайда барасың? Жығылып, сүрініп, әйтеуір бүгінгі кең заманға жеттік қой. Алматы қаласы әкімінің орынбасары болды Сейдуманов деген. Ертең айтыс болайын деп жатқанда бергізбей, тоқтат деп айтты. Оны кім шығарды десем, министр Құл-Мұхаммедке айт деді. Астанаға ұшып бардым. Құл-Мұхаммед бір жиналыста отыр екен. Алып шығып сөйлестім. Аша берсін, рұқсат деді. Қайтып келсем, Сейдуманов көнбейді. “Жоқ, бірдемені бүлдіресіңдер”,-деп. Мен айттым, халық шулап кетеді деп. Шулап кетсе, атамын деді”,-деді.