Bugin

Қазақстандық екі олигарх әлемдегі ең бай адамдардың тізіміне кірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Коллаж: ulysmedia.kz.

"Bloomberg" миллиардерлерінің жаһандық индексі жарияланды. Тізімде Қазақстанның екі азаматы табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Біздің еліміздің ең бай өкілі – KAZ Minerals Ltd акционері, президенті және атқарушы емес директоры Владимир Ким. KAZ Minerals тобының құрамына Павлодар облысындағы Бозшакөл ашық үлгідегі және Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай кеніштері, Шығыс Қазақстандағы үш жерасты кеніші, Қырғызстандағы Бозымшақ алтын мыс кеніші және РФ-дағы Баим кен орны кіреді. Оның байлығы 7,1 миллиард долларды құрайды.

Фото

Фото

Үздік 500-дікке, дәлірек айтсақ, 492-ші орыннан Kaspi.kz-нің үш ірі акционердің бірі көрінді. Ол – 54 жастағы Вячеслав Ким. Оның байлығы 5,7 миллиард теңгеге тең.

Фото

Фото

Тізімнің басында Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос тұр. Оның байлығы – 200 миллиард доллар. Ол әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде SpaceX иесі Илон Маскты және LVMH Moet Hennessy – Louis Vuitton директорлар кеңесінің төрағасы Бернард Арноны басып озды.