Bugin
Фото: видеодан скриншот
"Уақыт көрсетеді" бағдарламасына кәсіпкер Бақтияр Құдайберген сұхбат берді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.
Ол 3 жыл бұрын бизнесі құлдырап, 180 миллион шығынға ұшыраған. Ол Қазақстан бойынша автокөліктерге газ орнатқан. Ол өзінің құлдырауы туралы.
“Бірінші себеп ол – құтыру. Оны мойындай салайын. Екінші себеп – газ көтеріліп кеткен кезде, біздің компаниямыз құлдыраады. IT-ға ақша салдық. 180 миллион теңге. Балаларыма алып берген үйді кепілге қойып, ақша алам деп ойладым. Түркияға ағаларым шақырды. Түркияға барған кезімде, ағаларым телефон тұтқасын көтерми қалды. ММаған ешқандай ақша жоқ екенін түсіндім. Келіп-кету билетін алып қойғам. Түркияда әлі 4 күн уақытым бар еді. Қонақүй төленген еді. 7500 таңге ғана ақшам бар. Теңіз жағасында отырып ойландым. Өзіме сұрақ қойдым. Жаратқан маған береке берген екен. 18 жасымда алғаш миллионер болдым. Бірінші рет мен сол құлдыраған кезімде жерге жаттым. Құладым. Менің 3 күніме 135 мың теңге қажет екен. Өзіме сұрақ қойдым. “Бақтяр, көлік міндің, ұшаққа міндің, қазір нең қалды?” деп сұрадым өзімнен. Екінші ойым “на конец то жүгіріп болды ба” деген ой болды. Сөйтсек біз бизнестің азартына кірдім. Адами тұрғыны жоғалттым. Сол кезде мен қуандым. Оң жағыма қарасам кушеткалар бар екен. Күніне2 сағаттап жүрсем, 3 күнде аэропортқа жетеді екем. 7,5 мың теңгеме түскі ас ішсем болды деп ойлаймын. Қонақүйге барып отырсам, Шымкенттегі филиалдан 165 мың теңге ақша түсті. Ол ақша мен үшін кейінгі тапқан 165 миллионымнан да ыстық. Келген соң бәріне банкрот екенімізді айттым. Досымнан ақша сұрадым. Ол 2 миллион теңге берді. Жұмысшыларға 1 миллион 800 мың теңге айлық алдым. Әкеме барып, көлігін 1 айға сұрап алдым. Яндекс, индрайверге тіркедім. Такси болып, 2 рет Шымкентке бардым. 70 мың таптым. Бір күні мойындадым.
“Я, Алла Тағалам, мен ешнәрсе білмеймін. Енді тек сіз көмектесе аласыз” дедім. Үш күн телефонымды сөндіріп тастадым. Жер үй қаралмай кеткен ғой. Есіктің аалдын реттедім”,-деп қиналған сәтін айтты.
Ол сол кезден соң, білімін қолдануға шешім қабылдаған.Ол сол кезден бастап оның жұмысы қайта жолға түскен.