Bugin
Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов
Астанада Прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды қолдау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Елордада "BM Sport" ЖШС жарты жыл бойы манежі бар футбол алаңдарын орналастыру жобасын іске асыру үшін 2 жер учаскесіне қол жеткізе алмаған.
Инвестордың уақытша өтеулі жер пайдаланғаны үшін 5 млн теңге төлегеніне қарамастан, бұл мәселе ұзақ уақыт бойы шешілмеген
"Прокурорлық қадағалау актісі енгізілгеннен кейін инвесторға жер учаскесі берілді.
Прокуратура қабылдаған шаралар жобаны іске асыруды жалғастыруға ықпал етті. Бұл 1000-нан астам балалар мен жасөспірімдерге спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді", делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, проблемалық мәселелер туындаған кезде инвесторлар бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтың 8-747-216-15-58 телефоны хабарлассаңыздар болады.